Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ұлттық құрама футболшысы ұзақ уақытқа қатардан шықты

Оралхан Өміртаев жаттығу кезінде тізесінің айқас байламдарын үзіп алған.

Ұлттық құрама футболшысы ұзақ уақытқа қатардан шықты
kff.kz

Көкшетаудың "Оқжетпес" клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев ауыр жарақат алды.

AmanVIBE дерегінше, футболшы команданың жаттығуы кезінде тізесінің айқас байламдарын үзіп алған.

"Оқжетпес" шабуылшысы жақын күндері толық медициналық тексеруден өтеді. Бұдан кейін Германияға барып, операция жасатуы жоспарланып отыр.

Биылғы маусымдағы көрсеткіші

Оралхан Өміртаев Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында "Оқжетпес" сапында 25 матч өткізді.

Оның еншісінде:

  • 9 гол;
  • 1 нәтижелі пас бар.

Сондай-ақ шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасына да шақырылып жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?