Жарнама
Жарнама
Самат Смақов ел тарихында ұлы футболшы ретінде аталды
Vesti.kz

Самат Смақов ел тарихында ұлы футболшы ретінде аталды

Жуырда ұлттық құрама қорғаушысы Сергей Малый Самат Смақовқа осындай баға берді. 

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдарына қарсы өткен матчтан кейін Самат Смақов туралы пікір білдірді.

36 жастағы футболшы ұлттық құрама сапындағы 77-матчын өткізіп, жаңа рекордтық көрсеткішке жеткен еді.

"Осы межеге жеткеніме қуаныштымын. Самат Смақов – Қазақстан тарихындағы ең ұлы футболшы. 77 матч өткізу мен үшін үлкен мәртебе. Бірақ өзімді онымен тең санамаймын. Самат Қабірұлының орны бөлек", – деді Малый.

Исламбек Қуат та Смақовпен теңесті

Фарер аралдарына қарсы ойында жартылай қорғаушы Исламбек Қуат та ұлттық құрама сапындағы 76-матчын өткізді. Осы көрсеткіш бойынша ол Самат Смақовпен теңесті.

Сергей Малыйдың пікірінше, Қуат жақын арада бұл рекордты жаңартуы мүмкін.

"Менің рекордымды кім жаңартатынын ойлап отырғаным жоқ. Исламбек келесі матчтардың бірінде бұл көрсеткіштен асып кетуі мүмкін. Әзірше рекорд менде", – деді ол.

Малый Фарер аралдарына гол соқты

6 қазанда Сергей Малый Қазақстанның Фарер аралдарына қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықты.

Екінші таймда оның соққан голы ұлттық құраманың камбэгіне бастау болды. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Жарнама
Жарнама