Жарнама
Жарнама
"Астана" Қостанайда сүрінді
instagram/@fctobol

"Астана" Қостанайда сүрінді

Қостанайлық "Тобыл" ФК Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында өз алаңында "Астананы" 2:1 есебімен ұтты. 

Бірінші таймда Амин Талал айып алаңының ортасынан дәл соққы жасап, "Тобылды" алға шығарды. Үзілістен кейін Карло Бартолец таразы басын теңестірді.

Бірақ қонақтар тең есепті сақтап қала алмады. Виталий Лисакович алыстан гол соғып, қостанайлықтарға үш ұпай әкелді.

Осы жеңістен кейін "Тобыл" 37 ұпай жинады. Қостанайлық клуб турнир кестесінде жетінші орында тұр. Ал "Астана" 48 ұпаймен үшінші сатыда қалды.

Келесі турда Мирослав Ромащенконың командасы тағы бір елордалық "Жеңісті" қабылдайды. Өз кезегінде "Астана" Павлодарға "Ертіске" қонаққа барады. 

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Тобыл 7-орын