Алтын доп 2025: Фавориттер анықталды

Редактор Penalty.kz
25.02.2025, 20:50
Vesti.kz

Месси мен Роналдудың дәуірі аяқталды

2024 жылғы Ballon d'Or иегері болып «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри танылды. Ол финалда «Реал Мадрид» ойыншылары Винисиус Жуниор мен Джуд Беллингэмді артқа қалдырды. Испаниялық жартылай қорғаушы клубтық және ұлттық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп, марапатқа лайық деп танылды.

Жаңа чемпион кім болады?

Родри жарақат алып, ағымдағы маусымның басында қатардан шығып қалды. Сондықтан оның титулды қорғауы екіталай. 

Беделді марапат бұрын күнтізбелік жылдағы ойыншылардың көрсеткіштеріне негізделді. Енді ол маусымдық нәтижелерге қарай беріледі.

Үздік ойыншылар рейтингі қалай анықталады?

2025 жылғы Ballon d'Or иегерін анықтауда төмендегі факторлар ескеріледі:

  • Гол саны
  • Нәтижелі пас саны
  • Гол жіберілмеген матчтар (қорғаушылар мен қақпашылар үшін)
  • Жеңіп алған трофейлер саны
  • Маусымдағы маңызды сәттер
  • Жалпы ойын формасы

Үміткерлер тізімі мен рейтингтері қазан айындағы марапаттау кешіне дейін жарияланатын болады. Әзірге үздіктер тізімі төмендегідей:

  1. Мұхаммед Салах (Ливерпуль)
  2. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид")
  3. Килиан Мбаппе "Реал Мадрид"
  4. Ламин Ямал (Барселона)
  5. Роберт Левандовски (Барселона)