
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын аяқтамас бұрын жаңа "Камп Ноуда" ойнамақ ниетте.
Аргентина құрамасының және «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси келесі маусымда каталондық «Барселона» сапында өнер көрсетуі мүмкін.
Directv Sports журналисі Алекс Кандальдің айтуынша, аргентиналық ойыншы жаңа «Камп Ноуда» ойнауды армандайды.
«Мен жаңа «Камп Ноуда» ойнамасам, мансабым толық болмайды», – деп келтірді Алекс Кандаль Мессидің сөзін.
Месси «Интер Майамимен» 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырса да, «Барселона» оны жазғы трансферлік маусымда қайта шақыруды қарастырып жатыр. Қазіргі таңда каталондық клуб қаржылық жағдайды зерттеп, бұл келісімнің Ханс-Дитер Флик басқарған командаға қаншалықты әсер ететінін саралап жатыр.
«Барселона» (2000-2021):
778 матч
672 гол
303 нәтижелі пас
Клуб тарихындағы ең үздік бомбардир
«Интер Майами» (2023-2024):
41 матч
35 гол, 20 нәтижелі пас
MLS чемпионатының жеңімпазы (2024)
Кубоктар Лигасының иегері (2023)
Айта кетейік, 2022 жылы дәл осы инсайдер Алекс Кандаль Мессидің МЛС-ке ауысатынын болжаған еді. Енді ол жұлдызды шабуылшының қайта Испанияға оралуы ықтимал екенін мәлімдеп отыр.