Футбол
Чемпиондар лигасының финалисі сенсацияны болдырмады (ВИДЕО)
Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінде "Интер" күтпеген қиындыққа тап болды. Жапониялық "Урава Ред Даймондсты" 90 минут бойы тығырыққа тіреген миландықтар соңғы сәтте жеңісті жұлып алды.
"Атырауда" бапкерлер түгел кетті
Денис Мамонов "Атырау" клубынан ресми түрде кетті. Бапкерлік штаб толық ауысты.
"Тобыл" үздік үштікке енді (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 13-турында Қостанайдың "Тобылы" өз алаңында талдыкорғандық "Жетісуды" қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
"Қайрат" тағы да жанкүйерлерінің жүйкесін жұқартты (ВИДЕО)
Футболдан ҚПЛ-дің 13-турында "Қайрат" Петропавлдың "Қызылжарын" қабылдады.
Михаил Мудриктің мансабына төрт жылдық дисквалификация төніп тұр
Лондондық "Челси" және Украина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Михаил Мудрикке қатысты ауыр жаңалықтар тарауда.
Жазғы трансфер жаңалықтары: Виртц "Ливерпульде", ал "Наполи" келіссөз жүргізуде
Флориан Виртц — енді "Ливерпуль" ойыншысы! Неміс жұлдызы АПЛ-ға ресми түрде ауысты, ал "Наполи" Ндойені өз сапына қосуды көздеп отыр. Жазғы трансфер нарығында қызықтар енді басталды!
"Бавария" соңғы минуттағы голмен сенсацияны жоққа шығарды (ВИДЕО)
Клубтық әлем чемпионатындағы C тобының 2-турында "Бавария" аргентиналық "Бока Хуниорсқа" қарсы шықты. Аса тартысты матчта мюнхендіктер жеңісті соңғы минутта жұлып алды.
“Бір адам 5-6 клубты басқарады”. Қазақ футболындағы шындықтың беті ашылды
Андрей Канчельскисдің айтуынша, федерацияда футболға қатысы жоқ адамдар жұмыс істейді.
68-ші гол! Месси тағы да Роналдуды басып озды!
«Интер Майами» сапында 61 матчта 50 голға жеткен Месси футбол әлемін тағы да таңғалдырды.
"Отбасымызға қош келдің!" "Қайратқа" Еуропа Лигасында ойнаған шабуылшы қосылды (ВИДЕО)
24 жастағы бразилиялық сұрмерген чехиялық «Виктория» Пльзень клубынан бір жылға жалға алынды.
Adidas пен «Ювентус» арасындағы құпия келісім әшкере болды
«Ювентус» футбол клубы мен Adidas компаниясы өзара серіктестігін тағы он екі жылға ұзартып, 2037 жылға дейін жарамды жаңа келісімге қол қойды. Жалпы сомасы 408 миллион еуроны құрайтын бұл ауқымды келісім клубтың спорттық жабдықтарын әзірлеудегі тұрақтылықты қамтамасыз етпек.
Қазақстандағы ең үлкен стадион инвесторсыз қалды
35 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионы енді бюджет есебінен салынатын болды.
Айымбетов пен Адиев қайта бірге жұмыс істеуі мүмкін
БАҚ мәліметінше, «Крылья Советов» футболшыны өз сапына қайта қосуға ниетті. Самара клубының бас бапкері болып Қазақстан құрамасының экс-жаттықтырушысы Магомед Адиев тағайындалған.
“ӘЧ-да жеңімпаз болғымыз келеді”: Футболшылар Президентке армандарын жеткізді (ВИДЕО)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралау барысында жас футболшылармен кездесті.
Қазақстан футболына миллиардтық демеуші келді!
Alatau City Bank 2025 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясының ресми және бас серіктесіне айналады. Қаржылық институт ұлттық құрамаларға, футзалға және Премьер-лигаға қолдау көрсететін болады.
Ақшадан тарыққан “Тұран” Семейге пойызбен аттанады
Қаржы жоқ, жалақы кешігіп жатыр, клуб дағдарыста.
"Манчестер Юнайтед" таңдаған қақпашы енді "Шахтёрде" ойнайды
Астаналық 17 жастағы дарынды қақпашы Тимурхан Қартал Қазақстанға оралып, қарағандылық "Шахтёрмен" бірге жаттығуға ниетті. Ол бұған дейін "Манчестер Юнайтедте" қаралымнан өткен.
Мудриктің басы бәлеге қалды. 4 жылға футболдан шеттетілуі мүмкін
Бақтиер Зайнутдинов "Реалға" ауысуы мүмкін
«Бешикташ» қазақстандық футболшыны Фран Гарсияға айырбастамақ ниетте.
Абдукодир Хусанов Азияда көш бастады
Transfermarkt нұсқасы бойынша Азияның ең қымбат футболшысы атанды.