Жарнама
Жарнама
"Барыс" пен "Нефтехимик" матчында тоғыз шайба соғылды
hcbarys.kz

"Барыс" пен "Нефтехимик" матчында тоғыз шайба соғылды

Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында "Барыс" пен "Нефтехимик" кездесті.

Матч бір күнге кейінге шегерілді

Кездесу бастапқыда 25 қыркүйекте өтуі тиіс еді. Бірақ Қазақстандағы жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты ойын 26 қыркүйекке ауыстырылды.

Бірінші кезеңде қонақтар есеп ашты. Елордалықтардың бұрынғы шабуылшысы Дамир Жафяров "Барыс" қақпасын дәл көздеді. Екінші жиырма минуттықта нижнекамскілік команда басымдығын айқын көрсетті. Бұл кезеңде Селезнев, Точилкин, Петунин және Соколов мергендік танытып, есепті 5:0-ге жеткізді.

"Барыс" үшінші кезеңде үш шайба соқты

Соңғы кезеңде елордалық команда шабуылды күшейтіп, қарсылас қақпасына үш рет жол тапты. "Барыс" сапында Гарретт Пилон, Семен Симонов және Әлихан Өмірбеков шайба соқты. Дегенмен осы аралықта "Нефтехимик" хоккейшісі Артур Тянулин де мергендік танытып, қонақтардың алтыншы шайбасын енгізді. Осылайша кездесу 3:6 есебімен аяқталды.

Осы матчтан кейін "Барыс" сегіз ойыннан кейін 10 ұпаймен Шығыс конференциясында төртінші орында қалды. Ал "Нефтехимик" 13 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде көш бастады.

Жарнама
Жарнама