"Барыс" қатарынан үшінші жеңісіне жетті
Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында омбылық "Авангардты" 5:1 есебімен жеңді.
Томпсон есепті теңестірді
Кездесудің алғашқы кезеңінде "Барыс" қарсыласына есепте есе жіберіп тұрды. Бірақ Тайс Томпсонның голы алаң иелеріне таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді.
Екінші кезеңде астаналықтар басымдықты өз қолына алды. Джастин Бэйли мен Мэйсон Морелли гол соғып, "Барыстың" алға шығуына үлес қосты.
Үшінші кезеңде Михаил Кравец шәкірттері есеп айырмасын ұлғайтып, кездесуді 5:1 есебімен аяқтады. Осылайша "Барыс" жеңісті сериясын үш матчқа жеткізді.
Келесі қарсылас — "Сибирь"
"Барыс" келесі кездесуін 12 қазанда өз алаңында өткізеді. Астаналық клуб Новосібірдің "Сибирь" командасын қабылдайды.
Жарнама
Жарнама