"Барыс" ҚХЛ Шығысында үздік үштікке көтерілді
Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатында Екатеринбургтің "Автомобилист" командасын қабылдады.
Кездесудің алғашқы кезеңінде Чейз Приски "Барысты" алға шығарды. Екінші кезеңде қонақтар таразы басын теңестіргенімен, Джейк Масси алаң иелеріне қайтадан басымдық сыйлады.
Соңғы жиырма минутта астаналықтар тағы екі шайба соғып, жеңісті бекітті.
"Автомобилистке" қарсы жеңістен кейін "Барыс" 18 ұпай жинады. Елордалық клуб ҚХЛ Шығыс конференциясының турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.
Қазақстандық команда келесі матчын 17 қазанда өткізеді. Михаил Кравец шәкірттері сырт алаңда Новосибирскінің "Сибирімен" кездеседі.
"Барыс" (Астана) — "Автомобилист" (Екатеринбург) 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)
Шайбалар:
1:0 — 10:13 Приски (Маккошен, Әсетов). Тең құрамда
1:1 — 27:22 Каштанов (Денежкин, Клэг). Тең құрамда
2:1 — 38:42 Масси (Шестаков, Қайыржан). Тең құрамда
3:1 — 49:30 Қайыржан (Приски, Бэйли). Басымдықта
4:1 — 54:32 Өмірбеков (Пилон). Тең құрамда
Жарнама
Жарнама