"Барыстың" жеңісті сериясы үзілді
Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында новосібірлік "Сибирьден" 2:3 есебімен жеңілді.
"Барыс" сапында Мэйсон Морелли мен Кирилл Савицкий мергендік танытты. Ал қонақтардан Степан Никулин, Тэйлор Бек және Павел Тютнев көзге түсті.
Бұл жеңіліске дейін Михаил Кравецтің командасы ҚХЛ-да қатарынан үш рет жеңіске жеткен еді.
14 матчтан кейін "Барыстың" еншісінде 16 ұпай бар. Астаналық клуб Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. "Сибирь" болса, 13 ұпаймен сегізінші сатыға орналасқан.
"Барыс" келесі кездесуін 14 қазанда өз айдынында өткізеді. Бұл жолы елордалықтарға Екатеринбургтің "Автомобилист" қарсы тұрады.
Матч Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Бұл туралы не ойлайсыз?