Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Трансгендер спортшыларға қатысты жаңа ереже қабылданады

Сарапшы, спорт журналисі
10.11.2025, 21:17

Халықаралық олимпиадалық комитет (МОК) әйелдер арасындағы Олимпиада жарыстарына трансгендер спортшылардың қатысуына тыйым салатын жаңа регламент бекітпек. 

sportburo.kz
Реклама
Реклама

Ерлер биологиясына байланысты артықшылықтар зерттелді

ХОК мәліметінше, жаңа ережелер ерлер биологиясымен байланысты спорттық артықшылықтарды талдау нәтижесінде қабылданған. Түзетулер спорттағы әділдік пен әйелдер санатының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Бұл бастаманы ХОК комиссиясының президенті Кирсти Ковентри көтерген. Ол бұған дейін әйелдер спортының тазалығы мен теңдігін қорғау қажеттігін бірнеше рет атап өткен.

«Біз ғылыми дәлелдер мен әділ қағидаларға сүйенеміз. Әйелдер санатын қорғау – басты мақсат», — деді Ковентри.

Бұрынғы ереже қалай жұмыс істеді

Қолданыстағы ережелерге сәйкес трансгендер спортшылардың Олимпиадаға қатысу құқығын әр спорт түрі бойынша халықаралық федерациялар анықтайды. ХОК тек ұсыныстар беріп, тестостерон деңгейін төмендету арқылы қатысуға рұқсат ету мүмкіндігін қарастырып келген.

Алайда Париж Олимпиадасындағы жағдай бұл жүйенің әлсіз тұстарын көрсетті.

Иман Хелиф пен Линь Ю-Тин оқиғасы

Жаңа шешімге себеп болған басты факторлардың бірі — Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған боксшылар Иман Хелиф пен Линь Ю-Тин төңірегіндегі дау. Екеуінің де жыныстық сәйкестігі туралы сұрақтар 2023 жылғы әлем чемпионатынан бері талқыланып келеді.

ХОК енді тек трансгендер спортшыларды емес, жыныстық дамудың ерекшелігі бар (DSD) спортшыларға да ортақ стандарт енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа саясат жақын арада жарияланады

Ковентридің айтуынша, жаңа саясат ғылыми зерттеулерге негізделіп, барлық халықаралық федерациялармен келісілген түрде қабылданбақ.

«Бұл шешім – ешкімге қарсы бағытталған шара емес. Бұл – спорттағы әділдікті қорғау жолындағы қадам», — деді ол.

ХОК жаңа регламентті алдағы апталарда ресми түрде жариялауды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары