Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан 2025 жылғы Ислам ынтымақтастық ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды.
Нұрғиса Әділетұлы 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «серпе көтеру» және қос сайыс бойынша үздік нәтиже көрсетіп, Ислам ойындарының үш дүркін чемпионы атанды.
Бұл нәтижелер өз салмағында қатысқан барлық спортшылардың көрсеткішінен жоғары болды.
Осыған дейін Нұрғиса Әділетұлы «жұлқа көтеру» сайысында 175 келіні көтеріп, алғашқы алтын медалін жеңіп алған. Осылайша ол Ислам ойындарында үш алтын жүлде иеленіп, Қазақстан намысын асқақтатты.