Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ашхабад артта қалды! Өзбекстан Орталық Азиядағы ең алып стадионды салып жатыр

Сарапшы, спорт журналисі

Жобаның ресми бастамасы 11 қараша күні беріліп, салтанатты шараға ел президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Ол стадион іргетасына капсула қойып, нысанның құрылысына ресми түрде бастау берді. 

Ашхабад артта қалды! Өзбекстан Орталық Азиядағы ең алып стадионды салып жатыр
championat.asia

FIFA стандартына сай 55 мың орындық стадион

Жаңа Янги-Ташкент стадионы халықаралық FIFA талаптарына толық сәйкес салынады.

Стадион 55 мың көрерменге арналған және Азия құрлығындағы ең заманауи спорттық нысандардың бірі болмақ.

Инфрақұрылым жобасы аясында футболшыларға арналған жаттығу алаңдары, спорттық академия және жанкүйерлерге арналған заманауи аймақтар қарастырылған.

2027 жылғы әлем чемпионатына дайындық

Жаңа стадион тек ішкі чемпионаттарға емес, сонымен қатар U-20 футболшылар арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге де қолданылады.

Сонымен қатар нысан Өзбекстандағы жастар спорты мен футболдың дамуына ұзақ мерзімді серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық жоба ретінде бағалануда.

Орталық Азиядағы рекорд

Айта кетейік, қазір Орталық Азиядағы ең үлкен стадион — Ашхабадтағы “Олимпия”. Ол 45 мың көрерменге арналған.

Ал Янги-Ташкент аренасы іске қосылған соң, Өзбекстан жаңа аймақтық рекордтың иегері атанбақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір