Жарнама
Жарнама
Қазақстан Исламиаданың тоғызыншы «алтынын» еншіледі
olympic.kz

Қазақстан Исламиаданың тоғызыншы «алтынын» еншіледі

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуші Софья Сподаренко алтын медаль жеңіп алды.

Софья 100 метр қашықтағы баттерфляй тәсілінде өткен финалда қарсыластарынан айқын басым түсіп, мәреге 1 минут 01,66 секундта жетті.

Оның басты бәсекелестері Түркия спортшылары Дефне Таниг (1:02.05) мен Сехер Кайя артта қалып, тиісінше күміс пен қола медальге ие болды.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Исламиада-2025 сайысындағы тоғызыншы "алтын" медалі болды. 

Жарнама
Жарнама