Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан алғаш рет садақ атудан Азия чемпионатының «алтынын» еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі

Даккада (Бангладеш) өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы блоктық садақ (compound bow) санатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан алғаш рет садақ атудан Азия чемпионатының «алтынын» еншіледі
olympic.kz

Қазақстандық мергендер тарихи алтын медаль иеленді

Финалда қазақстандық спортшылар Үндістан құрамасын 240:228 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстанның намысын қорғаған құрам:

  • Ділмұхамед Муса,
  • Бүнед Мирзаметов,
  • Андрей Тютюн.

Олар финалға дейінгі жолда бірнеше мықты қарсыластарды жеңіп шықты:

  • 1/8 финалда — Ирак (234:225),
  • ширек финалда — Иран (233:231),
  • жартылай финалда — Оңтүстік Корея (236:235).

«Бұл жеңіс — қазақстандық садақ атудың жаңа дәуірі. Жаттықтырушылар мен спортшылардың еңбегі ақталды», — делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Азия чемпионаты туралы

Чемпионат 9–14 қараша аралығында өтеді. Додаға 29 елден 207 спортшы қатысты.

Бұл турнир Қазақстан үшін тарихтағы бетбұрыс сәт ретінде есте қалмақ — еліміздің садақ ату мектебі енді халықаралық деңгейде жаңа белеске шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір