Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Кака жаңа команданың тізгінін ұстады

Сарапшы, спорт журналисі

Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Паулу Рикарду Фигероа Силва (Кака) Ресейдің Иркутск қаласындағы «ИрАэро» футзал клубының бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындалды. 

Кака жаңа команданың тізгінін ұстады
instagram/@mfc_iraero

Кака — «ИрАэроның» жаңа бас бапкері

Ресми хабарламада:

«Паулу Рикарду Фигероа Силва (Кака) — “ИрАэро” футзал клубының жаңа бас бапкері. Соңғы жеті жыл ішінде ол Қазақстан құрамасымен жұмыс істеді және айтарлықтай жетістіктерге жетті:

— 2021 жылғы FIFA футзал әлем чемпионаты — 4-орын;

— 2022 жылғы UEFA футзал Еуропа чемпионаты — 5-орын», — делінген хабарламада.

Бай тәжірибе және жетістіктер тізімі

Кака жаттықтырушы ретіндегі мансабында бірнеше танымал клубтарда еңбек еткен:

  • «Қайрат» АФК (2018–2023)
  • МФК «Газпром-Югра» (2012–2018)
  • МФК «Нефтчи» (2010–2012)

Оның жетістіктер тізімі де әсерлі:

  • УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы (2016, «Газпром-Югра»)
  • УЕФА Чемпиондар лигасының финалисі (2019, «Қайрат»)
  • Ресей чемпионы — екі рет (2015, 2018)
  • Ресей кубогының иегері (2016)
  • Қазақстан чемпионы — бес рет (2019–2023)
  • Қазақстан кубогының иегері — төрт рет (2020–2023)
  • Қазақстан суперкубогының иегері — бес рет қатарынан (2018–2023)

«ИрАэро» туралы

Иркутскінің «ИрАэро» клубы 2013 жылы құрылған. 2021 жылдан бастап кәсіби деңгейге өтті, ал 2024/2025 маусымынан Ресей футзал Суперлигасында өнер көрсетеді.

Кака 8 қарашада Қазақстан құрамасымен ресми түрде қоштасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір