2012 жылғы Олимпиада жеңімпазы Александр Винокуров өз ұлын қазақстандық велоспорттағы жетекші құрылымдардың біріне басшылық қызметке қосты.
Кіші Александр Винокуров биылғы күзде кәсіби спортшы ретінде мансабын аяқтаған. Спорттан кеткен соң ол Халықаралық велоспорт одағының (UCI) оқу орталығында арнайы дайындық курсынан өтті.
Ал 2026 жылдан бастап, жас маман «Astana Team» командасының спорт директоры қызметін атқаруға кіріседі.
Клуб мәліметінше, ол тәжірибе кезеңінде:
Бұл оның жаңа лауазымға жылдам бейімделуіне және команда құрылымында тиімді рөл атқаруына бағытталған.
Айта кетейік, оның әкесі — Александр Николаевич Винокуров қазір «Astana Team» бас менеджері қызметін атқарады. Осылайша командада Винокуровтар әулеті велоспорттағы басшылық буында қатар еңбек етпек.