Бұған дейін 35 жастағы қазақстандық маман рудныйлық клубта қызмет еткен.
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жасөспірімдер құрамасына қатысты маңызды жаңалық жариялады. Қазақстанның футзалдан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері болып Василий Смолин тағайындалды.
35 жастағы қазақстандық маман Василий Смолин отандық футзал жүйесінде мол тәжірибесімен танымал. Ол ұзақ жылдар бойы рудныйлық «Аят» клубымен тығыз жұмыс істеп, команданы УЕФА Чемпиондар лигасына дейін алып шықты. Сонымен қатар клуб оның жетекшілігімен Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды.
Смолин балалар мен жасөспірімдер футзалына да ерекше үлес қосқан мамандардың бірі. Әртүрлі жылдары оның шәкірттері республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетті:
2025 жылы Василий Смолин Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасының бапкерлер штабына да кіріп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтады.
Айта кетейік, 2027 жылы Қазақстан футзалдан U-19 Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды. Жасөспірімдер құрамасы бұл турнирге қожайын ел мәртебесінде қатысады. Осыған байланысты жаңа бапкерге жүктелетін жауапкершілік те айрықша болмақ.
Оқи отырыңыздар:
"Ақтөбе" мен Пьянич: агент трансферге қатысты мәлімдеме жасады
Australian Open: Елена Рыбакинаның алғашқы матчы екі сетпен аяқталды