Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тағы екі жеңіске жетті
Бүгін, 11:36
Лондонда өтіп жатқан турнирде ерлер мен әйелдер командалары сәтті өнер көрсетуде.
olympic.kz
Ұлыбританияның Лондон қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі жеңіске қол жеткізді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы топтық кезеңде Моңғолияны айқын басымдықпен ұтты – 3:0.
- Зәуреш Ақашева — Буренджаргал Санджаа – 3:0
- Сарвиноз Миркадирова — Болор-Эрдене Батмункх – 3:1
- Әнел Бахыт — Эгшиглен Бат-Эрдене – 3:0
Ал ерлер құрамасы Египетке қарсы тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті.
- Кирилл Герасименко — Омар Ассар – 3:0
- Алан Курмангалиев — Мұхамед Эльбеали – 3:1
- Искендер Харки — Юсеф Абделазиз – 0:3
- Алан Курмангалиев — Омар Ассар – 2:3
- Кирилл Герасименко — Мұхамед Эльбеали – 3:1
Бүгін, 30 сәуір күні ерлер құрамасы Таиландпен ойнайды (23:30, Астана уақытымен).
Өз кезегінде әйелдер құрамасы Чехияға қарсы матч өткізеді (21:00).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама