Қазақстан Каирдегі Әлем кубогында үш "алтын" алды

Сарапшы, спорт журналисі

Турнир қаһарманы отандасымыз Олег Носков болды. 

Қазақстан Каирдегі Әлем кубогында үш "алтын" алды
offside.kz

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Мысыр астанасы Каирде өткен Әлем кубогының кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алып, үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Тарихи нәтиже

Әлемнің ең мықты жас мергендері жиналған турнирде қазақстандық спортшылар жүлде саны бойынша алдыңғы қатардан көрінді.

Қазақстан құрамасының басты жұлдызы Олег Носков болды. Ол бірден екі алтын медаль жеңіп алды:

  • 50 метрден жатып ату
  • 50 метрден үш қалыпта ату

Команданың үшінші алтын жүлдесін Кирилл Цуканов иеленді. Ол 25 метрден тапаншамен ату бойынша бірінші орын алды.