Қазақстандық ватерполшылар әлем чемпионатында Уругвайды ойсырата жеңді

Спорт шолушысы
06.08.2026, 10:05

Қазақстандық спортшылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті.

Olympic.kz

Хорватияның Загреб қаласында су добынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті кездесуін сәтті өткізді. Үшінші ойында ватерполшылар Уругвай құрамасымен кездесіп, қарсыласын 22:5 есебімен ірі жеңіліске ұшыратты.

Максим Сасин - матчтың үздік ойыншысы

Кездесу қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшысы Максим Сасин матчтың үздік ойыншысы атанды.

Келесі қарсылас - Түркия

Қазақстандық құрама турнирдегі келесі ойынын бүгін, 6 тамызда Түркияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, әлем чемпионатындағы алғашқы матчта қазақстандықтар Мысырдан жеңіліп, екінші кездесуде Сингапурды жеңген болатын. Уругвайға қарсы жеңіс команда үшін турнирдегі екінші жеңіс болды.

Реклама
Реклама