Ресми: Бибісара Асаубаева шахмат Олимпиадасына қатысады

Бокс шолушысы

Қазақстан әйелдер құрамасының 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасына қатысатын құрамы белгілі болды. 

Ресми: Бибісара Асаубаева шахмат Олимпиадасына қатысады
Offside.kz

46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында 15-27 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық шахмат федерациясы Қазақстан әйелдер құрамасының алдағы ірі турнирге қатысатын құрамын жариялады.

ФИДЕ мәліметінше, Қазақстан әйелдер құрамасы сапында бес шахматшы өнер көрсетеді.

Ұлттық командаға Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Эльназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева енді.

Бибісара Асаубаева құраманы бастайды

Қазақстан құрамасының ең танымал өкілдерінің бірі — Бибісара Асаубаева. Ол ересектер арасындағы әйелдер рейтингінде бесінші орында тұр. 

Қазақстан құрамасында жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте жоғары тұрған шахматшылар да бар.

Алуа Нұрман әлемдік юниорлық рейтингте екінші орында. Меруерт Камалиденова төртінші сатыда келеді.

Эльназ Қалиахмет 22-орында болса, Зарина Нұрғалиева 23-орынға орналасқан.