"Астана" ВТБ Бірыңғай лигасына оралмайды

Бокс шолушысы
06.08.2026, 19:45

Елордалық баскетбол клубы 2026/27 жылғы маусымда тек Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуі мүмкін.

instagram/@astanabasket

ВТБ лигасына оралмауға не себеп?

"Перехват" Telegram-арнасының мәліметінше, клубтың халықаралық турнирге қайта қатысуына қаржылық қиындықтар кедергі болған.

"Астана" басшылығы баскетбол командасымен қатар футбол және велокомандалардың да бюджетін қысқартуға мәжбүр болғаны айтылады. Клуб өкілдері мәселенің оң шешілетініне соңғы сәтке дейін үміттенгенімен, қаржыландыру мәселесі реттелмеген.

Осыған байланысты елордалық ұжым 2026/27 жылғы маусымда жастар құрамымен Қазақстан чемпионатына ғана қатысады деп күтілуде.

"Астана" ВТБ Бірыңғай лигасында қашаннан бері ойнады?

"Астана" БК ВТБ Бірыңғай лигасына 2011/12 жылғы маусымнан бастап қатысқан. Қазақстандық команда бірнеше жыл бойы ел намысын халықаралық деңгейде қорғады.

Бірақ 2025 жылдың мамырында клубтың жарыстан уақытша үзіліс алатыны белгілі болған еді. Сол кезде "Астана" кейінірек лигаға қайта оралуды жоспарлаған.

Енді бұл үзіліс тағы бір маусымға созылмақ. Қазақстандық клубтың қатыспауына байланысты ВТБ Бірыңғай лигасында 11 команда қалады.

Реклама
Реклама