Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Спорт шолушысы

Байрақты бәсеке Индонезияның Джакарта қаласында өткен болатын. 

Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды
olympic.kz

Индонезия астанасы Джакартада таеквондодан халықаралық турнир мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар аталған жарыста сәтті өнер көрсетіп, бірнеше салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Дәлірек айтқанда, таеквондашыларымыз төрт қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүлдегер атанған спортшылар

Джакартадағы турнирде Қазақстан құрамасының төрт өкілі үздік үштікке кірді.

  • 54 келіге дейін: Баходир Шапулатов
  • 63 келіге дейін: Жасурбек Исроилов
  • 80 келіге дейін: Абдурахман Марипов
  • 87 келіге дейін: Нұрқанат Қожахмет

Еске сала кетейік, бұған дейін отандастарымыз Оңтүстік Кореяда өткен жарыста 21 медаль қоржынға салған еді. Оның жетеуі алтын, алтауы күміс және қалған сегіз медаль қола болды.