Азиада кезінде Қазақстан құрамасы круиздік лайнерде тұруы мүмкін
Жапониядағы жарысты ұйымдастырушылар қатысушыларды қабылдаудың ерекше форматын таңдаған.
Спортшылар кемеде тұрады
Swimswamnews мәліметінше, Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында дәстүрлі спортшылар ауылының бір бөлігін круиздік лайнер алмастырады.
Кемеде спортшылар мен ресми делегация мүшелеріне арналған 571 каюта қарастырылған. Сонымен қатар лайнерде жеті бассейн, сегіз мейрамхана мен бар бар.
Ұйымдастырушылар Жапонияда қыркүйек пен қазан айларына сәйкес келетін тайфундар маусымы бұл жоспарға кедергі келтірмейді деп есептейді.
Costa Serena лайнеріне мыңдаған адам орналастырылады
Бұған дейін жапониялық БАҚ Азия ойындары қатысушылары орналасатын негізгі нысандардың бірі Costa Serena круиздік лайнері болатынын хабарлаған.
Кеме Нагоя портында тұрақтайды. Алдын ала жоспар бойынша, оның бортында 4 мыңнан 5 мыңға дейін спортшы мен ресми тұлға орналасуы мүмкін.
Барлық қатысушы лайнерде тұрмайды. Делегациялардың бір бөлігі порт аумағында салынған контейнер үлгісіндегі ағаш үйлер мен жергілікті қонақүйлерге орналастырылады.
Жапонияда қыркүйек пен қазан айларында тайфундар жиі тіркелетіндіктен, лайнерде тұратын спортшылардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар туындаған.
Бірақ ұйымдастырушылар круиздік кемені пайдалану жарысқа қатысушыларға қауіп төндірмейтінін және барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қарастырылғанын мәлімдеді.
Азия ойындары қашан өтеді?
2026 жылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді.
Қазақстан құрамасы құрлықтық додаға үлкен делегациямен қатысып, бірнеше спорт түрінен жүлде үшін таласады.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 80 медаль жеңіп аллы. Оның 10-ы — алтын жүлде.