Жарнама
Жарнама
Қазақстан семсерлесуден Азиадада тағы бір медаль қамтамасыз етті
olympic.kz

Қазақстан семсерлесуден Азиадада тағы бір медаль қамтамасыз етті

Қазақстандықтар Жапониядағы жазғы ойындарының ширек финалында Қытай құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты.

Ширек финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын жеңіп, кемінде қола медальды қамтамасыз етті.

Қазақстан Қытайды 45:40 есебімен жеңді

Ширек финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы тартысты бәсекеде Қытайдан 45:40 есебімен басым түсті. 

Команда құрамында Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ергашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай бар.

Енді қазақстандық қылыштасушылар финал жолдамасы үшін күреседі.

Жарнама
Жарнама