Жарнама
Жарнама
Өзбекстаннан озды: Болатова мен Тұяқова Қазақстанға "қола" әкелді
24.kz

Өзбекстаннан озды: Болатова мен Тұяқова Қазақстанға "қола" әкелді

Қазақстандық дуэт әртістік жүзудің шешуші кезеңінде 286.0826 ұпай жинады. 

Өзбекстан құрамасын басып озды

Қазақстандық Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әртістік жүзуден қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық дуэт шешуші кезеңде 286.0826 ұпай жинады. 

Алтын медаль қытайлықтарға бұйырса, Жапониялық дуэт күміс жүлдені иеленді.

Қола медаль үшін тартыста қазақстандық жұп Өзбекстан өкілдерінен жоғары нәтиже көрсетті. Олар жарысты төртінші орында аяқтады.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінен кейін Болатова мен Тұяқова небәрі төртінші орында тұрды. Бірақ финалдық бағдарламада нәтижесін жақсартып, жүлделі орынға көтерілді.

Болатова – Қазақстан тарихындағы әлем чемпионы

Наргиза Болатова бұған дейін Қазақстан тарихында осы спорт түрінен алғашқы әлем чемпионы атанған болатын. 

Енді ол Ясмин Тұяқовамен бірге Азия ойындарының қола жүлдесін Қазақстан қоржынына қосты.

Жарнама
Жарнама