Жарнама
Жарнама
Қазақстанның екі мергені Азия ойындарының финалына шықты
olympic.kz

Қазақстанның екі мергені Азия ойындарының финалына шықты

Стенд атудан "трап" бағдарламасындағы жекелей финалдар бүгін, 29 қыркүйекте өтеді.

Қазақстан құрамасының екі өкілі Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудан жекелей сынның финалына жолдама алды.

"Трап" бағдарламасының іріктеу кезеңінен Әлішер Айсалбаев пен Элеонора Ибрагимова сәтті өтті.

Ерлер арасындағы іріктеуде Әлішер Айсалбаев 117 ұпай жинап, жетінші орынмен финалға шықты. Ал Даниил Почивалов 116 ұпаймен 12-орынға тұрақтаса, Марк Почивалов 115 ұпаймен 15-сатыдан көрінді.

Әйелдер арасында Элеонора Ибрагимова 110 ұпай жинап, тоғызыншы нәтижемен шешуші кезеңге жолдама алды. Ал Наргиза Сарманова 105 ұпаймен 19-орын, Милана Папчихина 104 ұпаймен 21-орын алды. Олар жекелей сындағы жарысты аяқтады.

Финал бүгін өтеді

Стенд атудан "трап" бағдарламасындағы жекелей финалдар бүгін, 29 қыркүйекте өтеді.

Қазақстан атынан шешуші кезеңде Әлішер Айсалбаев пен Элеонора Ибрагимова жүлде үшін таласады.

Жарнама
Жарнама