Жарнама
Жарнама
Ислам Евлоев Азиадада қола медаль үшін күреседі
Владислав Семенов

Ислам Евлоев Азиадада қола медаль үшін күреседі

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Ислам Евлоев XX жазғы Азия ойындарында қола медаль үшін белдесетін болды.

97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Евлоев ширек финалда жапониялық Юри Наказатомен кездесіп, 0:10 есебімен жеңілді. Осы нәтижеден кейін қазақстандық балуан қола жүлде үшін ирандық Мехди Балихамзехдехпен белдесетін болады.

Қазақстандық балуан осыған дейін 1/8 финалда қытайлық Ван Цзэганды 11:8 есебімен жеңді. Евлоев пен Балихамзехдех арасындағы қола жүлде үшін белдесу Қазақстан уақытымен 14:55-те өтеді.

Демеу Жадыраев додада есе жіберді

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 77 келіге дейінгі салмақтағы балуан Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовқа (Қырғызстан) 1:10 есебімен жол берді. Ал ширек финалда жапониялық Нао Кусакамен өткен кездесу 11:9 есебімен аяқталды.

Жарнама
Жарнама