Какау таңдауын жасады: Беларуське қарсы ойнайтын 16 футзалшы кім?
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Беларуське қарсы кездесуге 16 ойыншы шақырды.
Какау кімдерді шақырды?
Қазақстан құрамасының алдағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізіміне мыналар енді:
Игита;
Талғат Өтепбергенов;
Нарын Серіков;
Біржан Оразов;
Жахангир Рашит;
Арнольд Кнауб;
Нұрсұлтан Пиялы;
Дуглас;
Эдсон;
Ержан Қарменов;
Нұрқанат Бақтияров;
Александр Дерябин;
Ринат Төреғазин;
Альберт Ақбалықов;
Азат Вилиуллин;
Дәурен Тұрсағұлов.
Дайындық 10 қазанда басталады
Ұлттық команданың оқу-жаттығу жиыны 10 қазанда Астанада басталады. Какаудың шәкірттері елордада бас қосып, әлем чемпионатының іріктеу ойынына дайындалады.
Беларусьпен кездесу Қазақстан құрамасының әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алу жолындағы кезекті матчы болмақ.
Қазақстан мен Беларусь құрамалары 20 қазанда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кездеседі.