Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ақтау қаласы маңында орын алған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағының апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Penalty.kz Sportnews.kz-ке сілтеме жасап
«Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккендердің барлығына көңіл айтамын. Бұл – Ресей, Қазақстан және Әзербайжан халықтары үшін ортақ қайғы», – деп жазды Черчесов әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 25 желтоқсан күні таңертең Ақтау маңында Әзербайжан әуе желілерінің жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 69 адам болған, олардың 5-еуі экипаж мүшелері.
Ұшақ апаты туралы хабарлама сағат 11:30-да, әуежайдан 3 шақырым жерде болғаны анықталды. Оқиға орнына жоғарылатылған дайындықтағы ДЧС күштері мен қосымша техникалар жіберілді.
Қазақстан халқы бұл ауыр қайғыда зардап шеккендерге қолдау білдіруде.