Волейболдан Қазақстан чемпионатында сенсация тіркелді
26.12.2024, 14:32
Өскеменде волейболдан ерлер арасында Ұлттық лиганың екінші тур ойындары өтіп жатыр.
volley.kz
Биылғы ел чемпионы “Тараз” осыған дейін 1 ғана ұпаймен көш соңында келе жатқан “Ұшқын-Көкшетау” командасымен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда әулиеаталықтар 19:25 есебімен басым түскен. Бірақ содан кейін көкшетаулықтар камбэк жасай білді - 25:20, 25:22, 14:25, 22:20.
Қазір “Тараз” 16 ұпаймен 5-орында тұрса, “Ұшқын-Көкшетау” (3 ұпай) әлі де 9-сатыдан көтерілген жоқ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама