ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)

Елордалық баскетболшылар ВТБ Бірыңғай лигасында Красноярскте "Енисеймен" кездесті. 

Қазақстандықтар бастапқы үш ширекте красноярлықтардан айласын асыра алмады. Ал соңғысында ойын тізгініне иелік етіп, басымдық танытқанымен кеш болды. Нәтижесінде "Астана" 90:73 есебімен жеңіліс тапты. 

"Астаны" қатарында Даниель Утоми 23 ұпаймен үздік сұрмерген атанды.

Осылайша елордалық баскетболшылар ВТБ Бірыңғай лигасының маусымы басталғалы қатарынан 22-ші матчта ұтылып отыр. 

"Астана" 5 қаңтарда өз паркетінде мәскеулік ЦСКА-ны қабылдайды. 

ВТБ Бірыңғай лигасы. 22-тур
"Енисей" (Красноярск) — "Астана" 90:73 (24:20, 23:12, 23:17, 20:24). 

Бұл туралы не ойлайсыз?