Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2024, 18:51

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМК директоры мен оның орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

ulysmedia.kz
ulysmedia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеу аяқталған.

"Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесе отырып, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған 584 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды, сондай-ақ туроператорлармен қымбат келісімшарттар жасасу арқылы қаражатты иемденді деп күдікке ілінді", – деді Бигайдаров. 

Сонымен қатар РМК директоры жеке компанияның басшысы бола отырып, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккей спортын дамытуға бөлінген 161,9 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір