Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака испаниялық клубтардың қызығушылығын тудырды

Редактор Penalty.kz
31.12.2024, 20:52

Испания чемпионатындағы клубтар Пауло Рикардо Какаға құда түскісі келеді. 

kff.kz

Бразилиялық маманды Испанияның жоғары дивизионындағы "Эль-Посо" өзіне шақыртуға дайын. Әзірге клубты Дани Мартинес басқарады. Бірақ испаниялық өзінің штабымен кетуге қарсы емес. 

Дегенмен Какаға қандайда керемет ұсыныс түсіп жатса, оның ұлттық құрамадан кетуі мүмкін емес. Себебі бразилиялық маманды қазіргі жасалған жағдай толық қанағаттандырады. Тіпті екі қызметті қатарымен атқаруы да екіталай. 

Кака Қазақстан құрамасының тізгінін 2018 жылы ұстады. Ол 2020 жылы әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетіп, ұлттық құрамамен жартылай финалға дейін жетті.