"Алматы Арена" мұз айдыны отқа оранды (ВИДЕО)
25.01.2025, 20:21
Өрттен 4 бала құтқарылды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді.
24KZ
Бүгін Алматы қаласында "Алматы Арена" мұз айдыны өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау спорт кешенінің бірінші залында, бірінші қабатта басталған. Мамандар қызыл жалынның іргелес ғимараттарға таралуына жол бермей, 40 шаршы метр аумақта сөндірді.


24KZ
Өрттен 4 бала құтқарылған. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілген. Бір балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Қалған қызметкерлер мен өзге азаматтар мамандар келгенге дейін өз беттерімен спорт кешенінен шығып үлгерген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама