"Қабірхан" әлемдік аламанға қатысты
Дүбірлі дода Дубайда өтті.
Қазақтың сәйгүлігі Қабірхан Дубайда өткен әлемдік бәйгеге қатысты. Алайда қазақстандық тұлпар бұл жолы олжа сала алмады. "Әл Мактум" ұшқырлар бәйгесінде ол мәре сызығын жетінші болып өтті. Ал қаржылай сыйақы жарысқа шыққан 12 аттың үздік алты арғымаққа беріледі.

24KZ
Айта кетейік, "Қабірхан" биылғы бәйгелер легін Дубай төрінен бастап отыр. Бұған дейін 1 жылдай уақыт бойы тыныққан.
Естеріңізге сала кетейік, қазақ сәйгүлігі өткен жылдың басында Араб Әмірліктерінде өткен гандикап жарысында бас жүлдені иеленген еді.
Бұл Қабірханның Дубайдағы Мейдан ипподромын дүбірлетіп, 11 қарсыласын шаң қаптырып, мәреге жеткен сәті. Жарысқа әлемнің үздік арғымақтары қатысты.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.