ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Алматы Арена" мұз айдыны отқа оранды (ВИДЕО)

Өрттен 4 бала құтқарылды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді. 

"Алматы Арена" мұз айдыны отқа оранды (ВИДЕО)
24KZ

Бүгін Алматы қаласында "Алматы Арена" мұз айдыны өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау спорт кешенінің бірінші залында, бірінші қабатта басталған. Мамандар қызыл жалынның іргелес ғимараттарға таралуына жол бермей, 40 шаршы метр аумақта сөндірді.

24KZ

Өрттен 4 бала құтқарылған. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілген. Бір балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Қалған қызметкерлер мен өзге азаматтар мамандар келгенге дейін өз беттерімен спорт кешенінен шығып үлгерген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.