Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Криштиану Роналду UFC-дегі "Дағыстандық қазақты" өз фаворитім деп атады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.01.2025, 21:49

UFC-дің жеңілмеген ресейлік файтері Шарабутдин Магомедов (лақап аты — Шара Буллет, 15-0) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында 1 ақпанда өтетін UFC Fight Night 250 аясындағы Майкл Пейджге (22-3) қарсы кездесуіне орай баспасөз мәслихатында есте қаларлық сұхбат берді

Instagram
Реклама
Реклама

"Аль-Наср" жаттығуы және Роналдумен жүздесу

Шара Буллет өзінің Сауд Арабиясындағы "Аль-Наср" футбол клубының жаттығуында болып, аңызға айналған Криштиану Роналдумен жеке сөйлескенін мақтанышпен жеткізді.

– Саған "Аль-Наср" жейдесін кім сыйға тартты?

Таңертең маған "Аль-Наср" командасының жаттығуына қатысуға шақырту келді. Клуб президенті арнайы менің фамилиям жазылған жейдені табыстады. Сол сәтте Криштиану Роналдумен кездесіп, барлық футболшылармен әңгімелестім. Роналдумен ұзақ әңгіме өрбіттік, ол маған өз жейдесін сыйлап, қолтаңбасын қойып берді.

Магомедовтің айтуынша, Роналду 1 ақпанда өтетін жекпе-жегіне келіп, қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Әлемге әйгілі футболшы UFC-ді жіті қадағалайтынын және Шара Буллеттің чемпион атануға барлық мүмкіндігі бар екенін тілге тиек еткен.

UFC Fight Night 250: Магомедов vs. Пейдж

Айта кетейік, көптен күткен Шара Буллет пен Майкл Пейдж арасындағы жекпе-жек осы аптаның бейсенбісінде, 1 ақпанда Эр-Риядта өтеді. UFC-дегі мансабында әлі жеңілмеген ресейлік спортшы бұл жолғы жекпе-жекте өз атын тағы да асқақтатуды көздейді.

Роналдудың футболдағы мансабы

Криштиану Роналду 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командасында өнер көрсетеді. Бұған дейін 39 жастағы португалиялық шабуылшы лиссабондық "Спортинг", ағылшындық "Манчестер Юнайтед", мадридтік" Реал" және туриндік "Ювентус" клубтарында ойнап, әлем футболының аңыз ойыншысы атанды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары