Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бүгін аппеляциялық соттың шешімі шығып, судья үкім шығарды.
Былтыр мамыр айында Ақтауда бес жігіт фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін спортшы қызды ұрлап кетіп, бірнеше сағат бойы күштеп ұстағаны БАҚ беттерінде жарияланды.
Оқиғадан жәбір көрген бойжеткен 9-қабаттан секіріп көз жұмды. Ал марқұмның туысы кінәлілерге кесілген соттың үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген еді.
Алғашқы шешім бойынша, басты күдікті саналған 33 жастағы азамат Қылмыстық Кодекстің 8-бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айрылған. Басқа екі жігіт – 7 жылға, ал қалған екеуі 8 жылға жаза арқалған.
Бүгін аппеляциялық соттың шешімі шығып, судья үкімді оқыды. Басты күдікті Нұргелді Сейітқалиев өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушыларға мынадай жаза берілді:
Еркебұлан Аманқос — 16 жыл.
Аралбай Мерей — 13 жыл.
Дархан Құлбас — 13 жыл.
Қуаныш Үсенғали — 13 жыл.
Зардап шеккен отбасыға 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.