Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Қазақстан құрамасын IX қысқы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті

Редактор Penalty.kz
30.01.2025, 18:39

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Қазақстан құрамасын IX қысқы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті
olympic.kz

Шара барысында IX қысқы Азия ойындарының ашылу рәсімінде Ту ұстайтын спортшыларға Қазақстан Республикасының Туы салтанатты түрде тапсырылды. Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады. Өз кезегінде Әділ Бекетаев Ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдына шығып, салтанатты түрде ант берді. 

Қазақстан құрамасынан Ойындарға 137 спортшы қатысады. Олар 6 спорт түрінен 10 дисциплинада (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, ски-альпинизм, шайбалы хоккей) өнер көрсетеді. Ұлттық команда 51 медаль жиынтығына таласады.

Ербол Мырзабосынов спортшыларға сәттілік тілеп, сары құрлық бәсекесінің еліміз үшін маңызды дода екенін атап өтті. 

“IX қысқы Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Қазақстан ұлттық құрамасы қысқы Азия ойындарына толық дайын. Оған қажетті барлық жағдай жасалды. Ойындарға сапалы дайындалу үшін ұлттық құрама 137 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшыларымыз 86 халықаралық жарыста өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды. Жалпы, елімізде қысқы спорт түрлерінде жеңістермен өрілген жақсы дәстүр бар. Бүгінде тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге танымал даңқты спортшыларымыз халықаралық қысқы жарыстарда өнер көрсетіп, үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Алдағы қысқы Азия ойындарына қатысатын барлық спортшыға сәттілік тілеймін. Қысқы Азия ойындары – еліміздің спорттық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, әрбір спортшы үшін үлкен жетістіктерге жетуге талпыныс болатын маңызды кезең. Құраманың әр жеңісі – еліміз үшін үлкен қуаныш!” – деді Ербол Мырзабосынов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір