Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Астана" ВТБ лигасында мәскеулік баскетболшыларды қабылдады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
01.02.2025, 17:09

ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатында "Астана" мәскеулік МБА-МАИ баскетбол клубымен сынға түсті.

pbcastana.kz
Реклама
Реклама

Алғашқы екі ширек қонақтардың басымдығымен өтті. Тек үлкен үзілістен кейін “Астана” ес жиып, төрт ұпай айырмасымен алға шықты. Бірақ матч қорытындысында жеңіс 87:61 есебімен МБА-МАИ еншісіне бұйырды. 

“Астана” сапында Григорий Мотовилов 14 ұпаймен үздік сұрмерген атанды. Дэниель Утоми — 13 ұпай, Данила Походяев, Рустам Мырзағалиев — 10, Асқар Майдекин, Андрей Десятников —  6 ұпайдан.

6 ақпанда елордалықтар Екатеринбургке қонаққа барады. Олар жергілікті “Уралмаш” баскетболшыларымен шеберлік байқасады. 

ВТБ Бірыңғай лигасы. 29-тур.

“Астана” — МБА-МАИ 61:87 (13:23, 10:19, 24:20, 14:25). 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары