Бүгін футзалшыларымыз маңызды ойыншыға сенім арта алмайды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу турнирі аясында Данияға қарсы матчтарға капитан мен қақпашы Лео Игитасыз шығады.
ҚФФ баспасөз қызметі Данияға ұшар алдында Игитаның астан улануына байланысты Астанада қалып қойғанын хабарлады. Сонымен бірге капитанның 5 ақпанда қарымта ойынға қатысуы екіталай.
Еске сала кетсек, үшінші турдағы Дания - Қазақстан матчы бүгін 1 ақпанда Сеннерборг қаласында өтеді. Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.