«Шера нағыз романтик» — Самат Смақовтың қызы жігітінің ерекше сыйын көрсетті
Қазақстан футболындағы жарқын есімдердің бірі, «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның сүйіктісіне жасаған әсерлі тосын сыйы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Смақовтың қызына арналған алып гүл шоғы
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Самат Смақовтың қызы Самира өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Шерханнан келген үлкен гүл шоғын жариялап, көпшіліктің назарын аудартты.
Самира жазбасында былай деді:
«Мен қандай гүлдерді ұнататынымды бір рет айтқан едім… Ол соны ұмытпай, арнайы жіберіпті».
Шераның жүректен шыққан хаты
Гүлмен бірге келген ашықхатта футболшының жылы лебізі жазылған:
«Қашықта болсам да, жанымдасың. Сүйіспеншілікпен — сенің Шераң».
Пікір қалдырушылар жұптың жарасымына қуанып, романтик жігітке ризашылық білдіруде:
Айта кетейік, қазір Шерхан Қалмырза Нидерландта, Қазақстанның U-19 құрамасымен бірге Еуро-2026 іріктеу матчтарына қатысып жүр.
