Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Елдос-Смет»: Олимпиада чемпионы өзімен аттас сәбиге бата берді

Сарапшы, спорт журналисі

Дзюдодан Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов өз есімі мен тегін қатар қойып, «Елдос-Смет» деп ат қойған бір жасар балақаймен кездесіп, ақ батасын берді. 

«Елдос-Смет»: Олимпиада чемпионы өзімен аттас сәбиге бата берді
sn.kz

Семейдегі ерекше кездесу

Желіде тараған видеода танымал дзюдошы Семей қаласындағы бір отбасының шаңырағында қонақта болғаны көрінеді. Сол жерде спортшы жаңа туған сәбидің туу туралы куәлігін көріп, оның аты-жөнінің өзінікімен дәл сәйкес келгеніне риза болған.

Чемпион сәбиге ақ тілегін арнап былай деді:

«Елдос-Смет Ернұрұлы деп тұр. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында Жақсылық ағамыз чемпион атанғанда, сол кісінің құрметіне көп балаға есім қойылған еді. 2024 жылы Елдос деген балалар көбейген сияқты. Қазір отбасына қуаныш сыйлап жүрген ұл болсын, ертең елге қызмет ететін азамат болсын. Болашағы ашық, бізден озған ұрпақ болсын».

Танымал есімдерден ат қою дәстүрі жалғасуда

Қазақстанда белгілі спортшының немесе тұлғаның есімін баласына беру дәстүрі бұрыннан бар.

Мысалы, мәдениет қайраткері Қалдыбек Құрманәлі бір сұхбатында ұлына Бекзат Саттархановтың атын қойғанын айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір