Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Екатерина Бивол Қазақстанды сотқа бермек

Сарапшы, спорт журналисі

Ресейлік танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол Қазақстан және Қырғызстан азаматтарымен байланысты жанжалды қайта ушықтырды.

Екатерина Бивол Қазақстанды сотқа бермек
inbusiness.kz

Тағы да полицияға жүгінді

Екатерина Биволдың айтуынша, ол бір жыл бұрын Қазақстан мен Қырғызстаннан келген жанкүйерлерге қарсы шағым түсірген. Алайда ол мәселе нәтижесіз болғандықтан әрекетін тағы да қайталап, полицияға екінші рет ресми өтініш жолдағанын мәлімдеді.

«Бір жыл бұрын мен боксшыны тым көтермелейтін фанаттарға қатысты шағым жаздым. Бірақ айтарлықтай нәтиже болмады. Себебі маған келген қорқытулардың 95 пайызы Қазақстан мен Қырғызстаннан болды», – деп жазды Екатерина.

Ол өз Telegram-арнасында полицияға берген арызының суретін де жариялады.

Даудың бастауы: Биволдың видеосы екі елде қылмыстық іске себеп болды

Еске салайық, қазан айында Екатерина Бивол әлеуметтік желіге қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын, тіпті бейәдеп сөздермен айтылған видеоролик жариялаған еді.

Бұл жағдайдан кейін Қазақстанда, Қырғызстанда оның үстінен қылмыстық істер қозғалды.

Кейінірек Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресейдің ІІМ Бас басқармасы Биволға қатысты тексеру басталғанын растады. Қазір бұл оқиға ресейлік құқық қорғау органдарының бақылауында.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір