Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасында басынан өткен жағымсыз жағдайды айтып, оны қалай еңсергенін айтты.
Спортшының айтуынша, біреу оның көңіл-күйін түсірмек болған. Бірақ өзін ұстап, жағдайды ушықтырмауға тырысқан.
«Керемет күн, күннің көзі шығып тұр. Көңіл-күй тамаша еді… Біреу бұзбақ болды, бірақ қолынан келмеді. Өзім де мәселені соңына дейін жеткізбедім — бәрібір ішімде «кобра» бар ғой. Қазір тек позитив пен шүкірлікке көңіл бөлетін кезеңдемін. Осындай сәттер адамның менталды түрде қалай өскенін көрсетеді», — деді Сәбина.
Сәбина оқиғаның жалғасын келесі стористе көрсетіп, оған құрбысы — волейболшы қыздардың бірі жауап берген.
Ол стористі көріп:
«Не болды? Кімнің бетін ұрайық?» — деп жазған.

Алтынбекова бұл жауапқа күліп, командаластарының қолдауына ризашылығын білдірді.
«Менің жанымдағы волейболшы қыздар осындай», — деп әзілдеді Сәбина.