Реклама
Реклама

Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер берілді

Сарапшы, спорт журналисі
15.02.2026, 14:59

Отандасымыз бұған дейін 123 миллион теңге және бірнеше көлік алған. 

Zakon.kz

Ulytau Group компаниясы Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Компания әлеуметтік желідегі парақшасында жеңімпазды құттықтап, сыйға берілетін пәтердің Есіл жағалауында орналасқанын жазды.

“Ulytau Group компаниясы атынан сізге алғыс білдіріп, Астана қаласындағы Есіл өзені жағалауында орналасқан New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтерді сыйға тартамыз”, – деп жазды компания мамандары.

Бұған дейін чемпионға қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген көлік сыйлайтынын айтты. Ал inDriver компаниясы негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігін сыйлады.

Одан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. 

Фото: juzmedia.kz

Чемпион қанша сыйақы алады?

Қазақстан заңнамасына сәйкес, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылай сыйақы төленеді.

Михаил Шайдоров Олимпиаданың алтын медалі үшін 250 мың доллар (шамамен 123,7 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады.

Сондай-ақ, басқа орындар үшін де төлемдер қарастырылған:

  • Күміс медаль: 150 мың доллар;
  • Қола медаль: 75 мың доллар;
  • 4-орын: 30 мың доллар;
  • 5-орын: 10 мың доллар.

Бұл сомалар қазіргі ресми бағам бойынша есептелген.

Айта кетейік, отандасымыз еркін бағдарлама қорытындысы бойынша Шайдоров 198.64 ұпай жинап, қысқа бағдарламамен қоса есептегенде жалпы 291.58 ұпай көрсеткішіне қол жеткізді.

Күміс жүлдені жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Юма Кагияма иеленді. Ол еркін бағдарламада 176.99 ұпай жинап, жалпы 280.06 ұпаймен жарысты аяқтады. Ал қола медальды тағы бір жапониялық спортшы — Сато Сун жеңіп алды. 

Реклама
Реклама