Елде чемпионға деген "Үлкен сыйлықтар" эстафетачы басталғандай.
Қазақстан спорты мен мәдениетінің тоғысқан тұсы тағы бір мәрте елді тәнті етті. Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров кеше еркін бағдарламада Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленді. Осы әсерлі сәттен кейін қоғамда кең тараған ақпаратқа сәйкес, Димаш Михаилға автокөлік сыйлауға ниетті.
Ал inDrive компаниясының жетекшісі Арсен Томский тағы бір маңызды жаңалықты жариялады. Ол Михаилдың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 тарту ететінін айтты.


Михаил Шайдоровтың еркін бағдарламада Димаштың әнін таңдауы — жай ғана музыкалық фон емес, спортшының ішкі күйін, мінезін, драматургиясын ашатын маңызды шешім. Мәнерлеп сырғанауда музыка — оқиғаның өзегі. Қимылдың мәнін күшейтіп, көрерменге эмоцияны "тірілтіп" жеткізеді.
Арсен Томскийдің мәлімдемесі тіпті жүрекке жақын оқиғаға айналды. Оның айтуынша, Audi Q8 Михаилдың әкесі Станислав Шайдоровқа сыйға берілмек. Бұған себеп те әсерлі: кезінде ұлының арманын қолдау үшін әкесі өз көлігін сатып, баласының жолына қаражат бағыттағаны айтылады.