Сәбина Алтынбекова қай рудан екенін айтты
Қазақстандық волейболшы әлеуметтік желідегі оқырманының сұрағына жауап беріп, шыққан тегін атады.
Оқырмандарының бірі Алтынбековадан руын сұраған. Волейболшы бас киім мен әшекейлер таққан фотосын жариялап: "Кіші жүз, Табын, Табынның ішіндегі Кедейғұл", – деп жазды.

Осылайша Сәбина Алтынбекова Кіші жүздің Табын руындағы Кедейғұл тармағынан екенін айтты.
Сәбина Алтынбекова – Қазақстандағы ең танымал волейболшылардың бірі. Оның әлеуметтік желілерде оқырманы көп. Instagram парақшасына ғана миллионнан астам адам жазылған.
Жарнама
Жарнама